<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>Am</key>
<hymn_number>75</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.Am         Dm
 Күлімдеген күн нұрындай,
.F          E
 Жанымдасың Сен менің.
.Am         Dm
 Көктемдегі ақ жауындай
.F         E
 Сені аңсап жүремін.
.   Dm        G            C   Am
 // Кетер едім Сен болмасаң адасып,
.Dm          C         E      Am
 Кетер еді-ай жүрегімді мұң басып. //

[V2]
 Саған деген жаңа әнім
 Таусылмайтын дәрия.
 Маған деген мейірімің
 Ашылмайтын құпия.
 // Айсыз түнде жарық шаштың жолыма.
 Нағыз бақыт алып бердің қолыма. //

[V3]
 Жүрегімнің нәзік үнін
 Сезесің Сен білемін.
 Өмірімнің әрбір күнін
 Тыныштыққа бөледің.
 // Сен менің биік ұшқан Арманымсың.
 Бәрінен де Сен бүгін жоғарысың. //</lyrics>
<title>Күлімдеген күн нұрындай МЖЖ75</title>
</song>